Бортсерік жолаушылардың негізгі төрт қателігін атады

Британиялық бортсерік Диана Кастро борттағы жолаушылардың экипажға кедергі келтіретін қателіктерін атады. Қызметкер ірі әуекомпанияда 16 жыл жұмыс істегеннен кейін осындай тұжырым жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Біріншіден, оның айтуынша, ұшаққа отырып жатқан кезде көптеген саяхатшы заттарын жинау үшін жолда тұрып алады. Алайда, ережелерге сәйкес, олар тез арада орнын тауып, басқа саяхатшыларға өтуге мүмкіндік беруі керек.

"Адамдар орнына өткенше күтіңіз, содан кейін заттарыңызды сөреге асықпай қойыңыз", - деп кеңес берді ол.

Сондай-ақ, әуекомпания қызметкері жолаушылардың қолдарын немесе аяқтарын адам жүретін жолға шығарып отырғанды ұнататынын байқады. Оның айтуынша, салдарынан бортсеріктер сүрініп, жарақат алуы мүмкін. Сонымен қатар, жолаушылардың өздері, мысалы, тамақ пен сусындар бар арбадан жарақат алуы мүмкін.

Ұшудың соңына дейін құлаққап пайдалану да бортсеріктерге кедергі жасайды. Диана Кастро жолаушылар құлаққаптың салдарынан экипажбен сөйлескен кезде естімейтінін атап өтті. Қыз маңызды нұсқауларды жіберіп алмау үшін электрониканы пайдаланудан біраз уақыт бас тартқан дұрыс екеніне сенімді. Сонымен қатар, саяхатшыларға кедергі келтірмеу үшін музыка тыңдап, фильмдер қарағанда құлаққап кию керек.

Тағы бір қателік - қызметкерлерден борттағы ауа температурасын көтеруді сұрау. Бұл өтінішті орындау мүмкін емес, деп түсіндіреді бортсерік.

"Ұшақта температура суық болу керек. Суық ауа жүрек айнуының алдын алады және құрғақтықтың теріге әсерін азайтады", - деді ол.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!