Бортсерік жолаушылардың негізгі қателіктерін айтты

Америкалық әуекомпанияның бортсерігі Кэт Камалани (Kat Kamalani) әлеуметтік желіде жұмысындағы қызықтар туралы жазып, танымал болды. Ол ұшу кезінде саяхатшылардың негізгі қателіктерін айтып, TikTok аккаунтында видео жариялады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Ең алдымен, бортсерік адамдар көбінесе орындықтардың шынтағын қандай тәртіппен пайдалану керегін білмейтініне назар аударды.

"Егер сіз ортада отырсаңыз, оң және сол жаққа да шынтағыңызды қойып отырыңыз! Өйткені, бір жолаушының иллюминатордың пердесін өзіне ыңғайлы етіп бақылау мүмкіндігі бар, ал екінші жақта отырған турист дәретханаға қалаған кезде шыға алады", - деп түсіндірді бортсерік.

Сонымен қатар, оның айтуынша, көптеген саяхатшы терезенің жанынан орын таңдаса, онда олар пердесін өз қалауы бойынша реттеуге рұқсат етілгенін түсінбейді.

"Сіз сыпайы түрде көршіңізден перделерді көтеруді немесе түсіруді сұрай аласыз, бірақ егер ол келіспесе, ештеңе істей алмайсыз", - деді Камалани.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!