Бортсерік жолаушы мен өзінің қауіпсіздік белдігіндегі айырмашылықты айтты

Жұмысы туралы роликтердің арқасында желіде танымал болған украиналық бортсерік жолаушылар мен бортсеріктердің ұшақта қолданатын қауіпсіздік белдіктерінің арасындағы айырмашылықты айтты. Қыз бұл туралы Тикток желісінде видео жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Әуекомпания қызметкерінің айтуынша, экипаж мүшелерінің қауіпсіздік белдіктері мықтырақ, өйткені олар иық пен белдік тіректерін пайдаланады, ал қарапайым саяхатшылар тек белдік тағады.

Ол мұндай айырмашылық қажет екенін түсіндірді, өйткені жолаушыларда төтенше жағдай туындаған кезде орындықта отыру үшін бірнеше тірек нүктелері бар. Мысалы, алдыңғы орындықтың артқы жағы мен шынтақшалары.

Сонымен қатар, бортсеріктердің қызметтік орындарында қосымша мұндай қорғаныш жоқ. "Сондықтан иық белдіктері бортсеріктерді өз орнында сенімді ұстауға қызмет етеді", - деп қорытындылады ол.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!