"Бортсерік" жарнама үшін Бурдж Халифаның төбесіне көтерілді

Emirates әуекомпаниясы бортсерікті әлемдегі ең биік ғимарат - Бурдж Халифаның төбесіне шығарып, жарнама үшін ролик түсірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Әуекомпанияның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған видео  БАӘ-нің Ұлыбритания үшін коронавирусқа байланысты қауіпті елдер тізімінен шығарылуына арналған. Кадрда қыз жазуы бар ақ тақташа ұстаған және оларды бір-бірлеп асықпай көрсетеді: "БАӘ Ұлыбританияның "кәріптас" тізіміне кіруі", "әлемнің шыңында", "Эмираттармен ұшыңыз", "жақсырақ ұшыңыз" деп жазылған. Осыдан кейін камера Дубайдың панорамасын көрсетіп, бортсерік осы уақыт бойы Бурдж Халифаның шыңында болғанын анық көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Emirates (@emirates)

Оқырмандар бортсеріктің батылдығына таңғалды. Алайда оның шын екеніне күмәнданғандар болды. Сондықтан кейінірек әуекомпания "Шындық па, жалған ба?" деген тақырыппен роликтің түсірілімінен бэкстейдж жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Emirates (@emirates)

"Сәлем, анашым! Мен әлемнің шыңында тұрмын", - дейді роликтің кейіпкері Бурдж Халифаның төбесіне шығып.

"Бортсерік" америкалық парашютші және каскадер Николь Смит-Людвик болды. Видеода қыздың түсірілімге қалай дайындалғаны және жарнама авторлары қандай сақтандыру шараларын қабылдағаны көрсетілген. Бұл видео экстремалды түсірілімнің шынайылығы мен табиғилығына күмән қалдырмады. 

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!