Бортсерік экипажға ескертусіз ұшақта орын ауыстыру қаупін айтты

Америкалық әуекомпанияның бортсерігі Серенити Хейли (Serenity Haley) экипаж мүшелеріне алдын ала ескертусіз ұшақтағы орынды ауыстырудың қауіпті екенін жеткізді. Бұл туралы қыз Tik Tok желісіндегі парақшасында жариялаған видеода айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

American Airlines қызметкері жолаушыларға ешқашан орнынан басқа бос орынға ауыспауды ескертті. Оның айтуынша, ұшу алдында міндетті түрде өлшеу және теңестіру процедуралары жасалады. Осылайша, экипаж мүшелері лайнердің ұшуға дайын екеніне көз жеткізеді.

"Сіз орын ауыстырған кезде ұшақтың тепе-теңдігін өзгерте аласыз, сондықтан басқа орынға отырмай тұрып, әрдайым экипаж мүшелерінен сұраңыз", - деп ескертті Хейли.

@serenityhaley1

i was surprised to learn this during training

♬ original sound - Serenity


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!