Бортсерік экипаж мүшелерін ұшу алдында борттан шығару себебін айтты

Фото: pixabay.com

Ресейлік әуекомпанияның бортсерігі экипаж мүшелеріне ұшуға жол берілмейтінін және ұшу алдында неге рейстен шығарылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram аккаунтында жазды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік әуекомпанияның бортсерігі экипаж мүшелеріне ұшуға жол берілмейтінін және ұшу алдында неге рейстен шығарылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram аккаунтында жазды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Бортсерік ұшуға рұқсат бермеудің басты себебін кешігу деп атады. Қыз экипаж мүшелері әуежайға ұшудан екі жарым сағат бұрын келуі керек екенін айтты.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ экипаж мүшелерінің қажетті құжаттары - ресейлік және шетелдік паспорты, бортсерік куәлігі, ID картасы, ДҰСК анықтамасы (дәрігерлік- ұшу сараптама комиссиясы - еск.), медициналық кітапша, полис және сақтандыруы болуы тиіс.

"Осы құжаттардың кем дегенде біреуі болмаса, бізді рейстен шығарады", - деді бортсерік.

Бұдан басқа, бортсеріктер қауіпсіздік техникасы, алғашқы көмек көрсету қағидалары және рейстің ерекшеліктері бойынша сауалнама жүргізілетін ұшу алдындағы брифингтен өтуі қажет. Сәтсіз тапсырған жағдайда, әуекомпания қызметкері жұмыстан шеттетіледі және қосымша тест тапсырады.

Бортсерік рейстен шығудың тағы бір себебі экипаж мүшелерінің сырт келбетінің әуекомпания стандарттарына сәйкес келмеуі деп атады.

"Туфли ұмыттың ба? Тырнағыңды көк қылып бояғың келді ме? Айыппұл салады немесе үйге жібере салады", - деп қосты қыз.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная