Бортсерік болып жұмыс істейтін Кэт Камалани соңғы айларда TikTok-та жұмысының құпияларын ашатын видеолардың арқасында танымал болды. Танымал блогер бортсеріктің келбетіне қойылатын талаптарды айтып береді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Кэт Камаланидің айтуынша, әуекомпаниялар ұшу кезінде бортсеріктердің киімін қатаң бақылайды. Қыз жаттығу кезінде оларды бортсеріктердің келбетін реттейтін үлкен команда бақылағанын айтты.
"Сіздің әуекомпанияңыз келбетіңізге қатысты кез келген шартты талап ете алады. Бастан аяғыңызға дейін: шаш, тырнақ, ерін бояуының түсі, макияждан бастап туфли, сөмкеңізге дейін тексереді. Татуировка болмау керек", - дейді қыз.
Сондай-ақ, Кэт егер ұшу менеджері келбетке қатысты ескерту жасаса, бортсерік үшін үлкен проблема туындауы мүмкін екенін есіне алады.
"Бұл өте қатал болды. Ант етемін, мен өзімді әскерде қызмет еткендей сезіндім. Сонымен, бортсерік болу - бұл сіздің келбетіңізді қатаң сақтау", - деп бөлісті ол.
@katkamalaniDo you agree?? #traveltiktok #adayinmylife #momsoftiktok #buffering #traveltheworld
♬ Monkeys Spinning Monkeys - Kevin MacLeodЕң маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!