Украинадағы SkyUp Airlines бюджеттік әуекомпаниясының бортсерігі ұшаққа билет сатып алатын кезде ақша үнемдеудің жолын ашты. Бұл туралы қыз өзінің Tik Tok аккаунтында жариялады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, алдымен билет іздеу агрегаторы сайтына кіріп, жоспарланған маршрут пен ұшу және келу күндерін белгілеу керек. Содан кейін сайттан адам өзі отырған геолокациядан басқа мекенжайды таңдау керек.
"Мысалы, сізде басында Украина деп тұр. Яғни Украинадан іздеп тұрсыз. Соны Германия, Испания, Италияға немесе кез келген басқа елге ауыстырып, бағаның қалай өзгеретінін көріңіз", - деп түсіндірді блогер.
Яғни әртүрлі геолокация үшін бірдей әуе билет бағасы әртүрлі болады.
Сонымен қатар, бортсерік кейде делдал сайттар билеттерді әуекомпанияларынан алдын ала сатып алып, оларға қарағанда арзанырақ сататынын атап өтті.