Болгария туристерге арналған шектеулерді алып тастады

Фото: pixabay.com

Болгария 1 мамырдан бастап кіруге қарсы барлық шектеуді алып тастады. Туристерге ПТР-тестінің нәтижесін немесе вакциналау сертификатын ұсынудың қажеті жоқ, - деп хабарлады Lenta.ru республиканың Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Болгария 1 мамырдан бастап кіруге қарсы барлық шектеуді алып тастады. Туристерге ПТР-тестінің нәтижесін немесе вакциналау сертификатын ұсынудың қажеті жоқ, - деп хабарлады Lenta.ru республиканың Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

АТОР мәліметінше, ел аумағына кіру үшін Болгария, Хорватия, Кипр немесе Румынияның Ұлттық визасы немесе қолданыстағы көп мәртелік шенген талап етіледі.

Бұрын Болгария шекарасынан өту үшін 12 жастан асқан туристерге вакцина туралы сертификат, соңғы алты айда өткен коронавирус ауруы туралы құжат немесе ПТР-тестінің теріс нәтижесі ұсынылуы керек еді. Сонымен қатар, егер демалушы аталған құжаттардың ешқайсысын ұсынбаса, он күндік карантинді сақтауға тура келді.

Реклама
Реклама

1 сәуірден бастап Болгария билігі ел ішіндегі барлық талапты алып тастады. Атап айтқанда, үй-жайларда бетпердені міндетті түрде кию және қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтық тоқтатылды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная