Болгария туристердің елге кіру шарттарын жариялады

Фото: pixabay.com

Болгария коронавирусқа қарсы вакцина салдырған туристерге шекарасын ашты. Бұл туралы елдің вице-премьері және туризм министрінің міндетін атқарушы Мариана Николова мәлімдеді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы АТОР басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Болгария коронавирусқа қарсы вакцина салдырған туристерге шекарасын ашты. Бұл туралы елдің вице-премьері және туризм министрінің міндетін атқарушы Мариана Николова мәлімдеді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы АТОР басылымына сілтеме жасап.

Мақұлданған препараттар тізіміне "Спутник V" вакцинасы да кіреді.

Болгария жазғы туристік маусымды 1 мамырдан бастап ашты. Елге кіру шарттарының бірі - шекарадан өткен күннен бастап 14 күн бұрын вакцина салдырғаны туралы құжат.

Реклама
Реклама

Туризм министрлігінің басшысы Болгарияға барудың басқа жолдары да бар екенін атап өтті. Мысалы, келгенге дейін 72 сағат бұрын жасалған теріс ПТР-тестін немесе 48 сағат ішінде жасалған антигендік тестті көрсетуге болады. Сонымен қатар, коронавирус жұқтырып, аурудан жазылғандар елге кіре алады - мұндай жағдайда зерттеу жүргізілген күннен бастап 15-тен 180 күнге дейінгі аралықта тапсырған тест нәтижесі оң болған анықтаманы көрсетуі керек.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная