Түркияға Ресейден келген блогерлер орман өртінің фонында суретке түсіп, желі пайдаланушыларының ашуын туғызды. Олар суретті Instagram желісінде жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Жарияланған суреттердің бірінде тележүргізуші және модель Виктория Лопырева түтін "тауларының" фонында қызғылт купальникте суретке түскен.
"Менің ыстық болғаным сонша айналамдағылардың бәрі жанып жатыр", - деп жазды 38 жастағы ресейлік. Кейін ол суретін алып тастады.
Оның оқырмандары мұндай суретке ашуланды. "Артқы жағыңда ормандар өртеніп жатыр, ал сіз әдемі дейсіз бе? Ештеңеден ұялмайсыз ба?", "Мармарис, Бодрум және тағы 20 қала сіздің артыңызда жанып жатыр. Адамдар, жануарлар өліп жатыр. Сіз не таратып жатырсыз? Айтарға сөз жоқ" деп жазды олар.
@Irinawaimer лақап атымен танымал тағы бір блогер темекі шегетін қонақүйдің фонында түсірілген бірнеше суретін жариялады.
"Мен 22 жасымды" жанып тұрған "жолдамамен" атап өтіп жатырмын", - деп жазды ол.
Желі пайдаланушылары қыздың әзілін "бағаламады" және ашулы пікір жаза бастады. Кейін блогер барлық пікірді жойып, пікір жазуды шектеді.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!