Блогер ұшақта қосымша орындықты тегін алу әдісін айтты

Ұлыбританиялық блогер Челси Дикинсон (Chelsea Dickinson) бюджеттік саяхаттарды ұйымдастыруға қатысты кеңестердің арқасында желіде танымал болды. Ол ұшақта қосымша орындықты тегін алудың жолын ашты. Бұл туралы блогер Instagram парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл әдіс ерлі-зайыптыларға арналған. Онлайн тіркеу кезінде 13 қатарда екі орынды таңдау керек: біреуін ұшақтың ортасына қарай, екіншісін иллюминаторда, екеуінің ортасындағы орындықты бос қалдыру керек.

"Теорияның мәні мынада: адамдар екі бейтаныс адамның ортасында отырғысы келмейді", - деп түсіндірді ол.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ырымға сенетін жолаушылардың көпшілігі 13 қатарға орын брондаудан қорқады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.