TikTok желісінде Жапония туралы қызықты видео вирусқа айналды, онда күн шығыс елінің тұрғындарының ерекше менталитеті айтылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Наталья есімді қыз Токиода тұрып жатқанына алты жыл болған. Ол видеоның сипаттамасына "Жапонияда доғарған бес ісім" деп жазған.
Блогердің айтуынша, ол киімдерін үтіктеуді доғарған. Жапония тұрғындары үтікті сирек қолданады-мыс:
"Ауаның ылғалдылығына байланысты мұны істеудің қажеті жоқ. Көптеген жапондықтар бұл іске басын қатырмай, мыжылған киіммен жүре береді", - дейді ол.
@natalia.kokorostory 5 вещей, которые я перестала делать в Японии #япония #жизньвяпонии #учебавяпонии ♬ оригинальный звук - kokorostoryҚызды таңғалдырған екінші жағдай - жергілікті поштаның жұмысы. Қазақстанға қарағанда Жапонияда кез келген затты үйге дейін тегін әкеліп, иесінің қолына тапсырады екен.
Үйде болмай қалсаңыз, есік алдыңызға қойып кетеді. Затыңызға ешкім тиіспейді.
Супермаркетте кәрзіңкеге жиған заттарыңызды касса тізбесіне қойып әуре болмайсыз, онымен кассир айналысады. Бұл үшін кассирге ақы төленетін көрінеді.
Тағамға қатысты, Наталья үйде тамақтануды қойғанын айтады. Токио көшелері түрлі тамақтану мекемелеріне толы және үйде даярлағаннан гөрі мұнда дайын асты сатып алғаны тиімді екен.
@natalia.kokorostory В Японии говорят только об ЭТОМ #япония #японскаякультура #японскаякухня #жизньвяпонии #учебавяпонии ♬ Japan Japanese style Ibaraki prefecture folk song Sashima Hounen Ondo - harryfaokiТағы бір ерекшелік көшелердің тазалығында. Сіз мұнда аяқ киіміңізді қанша уақыт өтсе де жуып әуре болмайсыз. Жауынды күні де аяқ киіміңізге қауіп жоқ!
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!