TikTok желісінде Жапония жайында бес дерек айтылған видео жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.
Жапониядағы өмірі жайында баяндайтын @japanontiktok никнейммен тіркелген қолданушы блог жүргізеді. Әртүрлі видеода ол ерекше деректер мен көрнекі орындарды салып отырады.
Танымал болған видеолардың бірі - күн шығыс еліндегі таңғаларлық нәрселер. Бірінші дерек - тағамға шикі жұмыртқаны жиі қосу. Жапонияда бұл әдетке айналған әрі қауіпсіз. Блогерді таңғалдырған тағы басқа заттар - бойфрендті жалға алу және айналмалы тұрақтар.
"Көшеден қоқыс жәшігін табу қиын. Жапонияда мейрамханада жалғыз өзі тамақ ішетіндер көп, бұл да үйреншікті іс болып кеткен", - дейді автор.
@japanontiktok Which one surprised you the most⁉️#japan #japanthings #travel #traveltiktok #viral ♬ Tokyo Drift - Xavier Wulf
Автор Жапония жайында басқа да видеолар түсірген. Қолданушыларға осы видео ұнағаны соншалық, олар таңданыстарын жасырмай пікір қалдырған: "Бойфренд жалға алу маған керек!", "Мен өлсем де шикі жұмыртқа жемес едім!", "Айналмалы тұрақ? Болашақтың заты ғой", Бойфрендті жалға емес, сатып алуға бола ма?", "Жалғыз тамақ ішу Жапония да ғана емес барлық жерде қалыптасқан нәрсе", "Қоқыс жәшігі әдетте табиғатты қорғау және тазалық сақтауды білмейтін адамдар көп жүретін жерде орнатылады".