Блогер әлемдегі ең үлкен бассайнді көрсетті

Бүгінде жұртты бассейнмен таңғалдыру мүмкін емес шығар, себебі барлығының функциясы бір: шомылу аймағы, адам отыратын ағаш не пластмассадан жасалған кереуеттер. Қонақүйлер тағы несімен таңғалдыруы мүмкін. Таңғалдыруға бір себеп бар екен. Көлемі! Әлемдегі ең үлкен бассейннің ұзындығы мың метрден асады, ал аумағы - сегіз гектар болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Rambler.

Гиннесстер рекорды кітабына енген бассейн San Alfonso del Mar деп аталады. Ол Чилидің Альгарробо курортында Тынық мұхитынан бірнеше шақырым жерде орналасқан және сол маңайдағы қонақүйдердің меймандары осы бассейнде шомыла алады.

Бассейнді туристерді тарту үшін салған. Тынық мұхитының суы айтарлықтай салқын әрі онда акулалар жүзеді, сол себепті кәсіпкерлер мұхит суын жылытып, лагуна салуды ұйғарған. Онда 250 миллион литр су бар.

Құрылыс жұмыстары бес жыл бойы жүргізілген. Шамамен 1,5 миллиард доллар жұмсалған, сондай-ақ бұдан көп сома оның қызметіне жұмсалады екен. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты онда келушілер өте аз.

Әлемдегі ең үлкен бассейннің видеосы тревел-блогер ұсынды.

@seraleeva #жизньвчили #покажи_страну #трэвелтикток #мирбезграниц #чилимвчили #тревелзаметки #тревел_секреты #тревелтикток ♬ оригинальный звук - chu00uu

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!