Билл Гейтс Римде 6 жұлдызды қонақүй ашады

Microsoft құрылтайшысы әрі әлемнің ең бай адамдарының бірі Билл Гейтс Сауд Арабия ханзадасы әл-Валид бин Таллал бин Абдулазиз Аль Саудпен бірігіп XVII ғасырда салынған палаццо (италиялық қалалық сарай-жекежай) сатып алды. Енді олар бұл тарихи ғимаратты ультрадаңғаза 6 жұлдызды қонақүйге айналдырмақ. 

Италиялық БАҚ мәліметінше, қазіргі уақытта IKEA қолданысындағы Марини палаццосы Four Seasons қонақүйіне айналады. Нысанның басты артықшылығы - Треви фонтаны және испандық текпешек сынды көрнекі жерлерге жақын орналасуы.

БАҚ өкілдерінің тексеруі барысында ғимарат 165 миллион еуроға бағаланғаны айтылады. Сонымен қатар, Гейтс тағы 100 миллион еуроны ғимаратты қонақүйге айналдыру үшін жұмсайды-мыс. Бұл қонақүй Италияның тек VIP-қонақтарын қабылдайтын көрінеді. Қонақүйде кемінде 100 номер, конференц-орталық, жаттығу залы мен SPA-орталықтары болады екен.