Билік достықтың символы болған курортты жарып жіберді - БАҚ

Көрнекі сурет: Солтүстік Корея @pixabay.com

Солтүстік Корея билігі бір кездері Оңтүстік Кореямен бейбітшілік пен ынтымақтастықты бейнелеген туристік курортты жарып жіберді. Бұл - Кумган тауында орналасқан Diamond Mountain гольф-курорты, - деп хабарлайды Tourprom сайты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Корея билігі бір кездері Оңтүстік Кореямен бейбітшілік пен ынтымақтастықты бейнелеген туристік курортты жарып жіберді. Бұл - Кумган тауында орналасқан Diamond Mountain гольф-курорты, - деп хабарлайды Tourprom сайты.

Туристік аймақ - Солтүстік Кореяның арнайы әкімшілік ауданы, 2002 жылы оңтүстіккореялық демалушыларды қабылдау үшін құрылды. Оңтүстік Кореяның Солтүстік Кореямен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі "күн саясатының" айрықша белгісі болды.

Оңтүстіккореялықтар бұл аймаққа бірнеше жыл бойы барып, Солтүстік Корея экономикасын шетел валютасымен қамтамасыз етті. Алайда 2008 жылы Солтүстік Корея әскері туристі атып өлтірген оқиғадан кейін туризм тоқтады. Ол кезде 53 жастағы оңтүстіккореялық әйел тыйым салынған аймаққа кірген.

Реклама
Реклама

Осы жағдайдан кейін Оңтүстік Корея үкіметінің бастамасымен курортқа турлар тоқтатылды. Тыйым 10 жыл бойы күшінде болды. Австралиялық ABC News мәліметінше, 2019 жылы Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын туристік аймақты "артта қалған", "тәртіп жоқ" деп атады. БАҚ оның Солтүстік Кореяның "эстетикалық талғамына" сәйкес нысандарды қайта құруды тапсырғанын хабарлады. Соңғы екі жылда курортқа қатысты ақпарат болған жоқ.

Енді The Times газетінің мәліметінше, Солтүстік Корея Оңтүстік Корея салған және бір кездері екі ел арасындағы татуласуды білдіретін гольф-курортты бұзу үшін жарылғыш заттарды қолданған. Спутник суреттері туристік нысандар өткен демалыс күндері жарылғанын көрсеткен. Жергілікті БАҚ Оңтүстік Кореяның Hyundai Group компаниясы иелік ететін Haegumgang қалқымалы қонақүйі сол тауда ай бұрын бұзылғанын жазды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная