Бетперде киген бортсерік мамандығының сырын ашты

Бортсеріктің өмірі олардың әдемі күлкілеріндей емес. Жолаушылардың түрлі мінезі мен әрекеті, жұмыс жүктемесі және ұзақ ұшулар олардың өміріне әсер етпей қоймайды. Аты-жөнін жасырғысы келген бортсерік Vice басылымына мамандығының күңгірт тұсын ашты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бортсеріктің айтуынша, олар сыртқы келбетіне байланысты жұмыс берушілер тарапынан үнемі қысымға ұшырайды. Арық, нәзік және тартымды болу үшін олар хирургиялық араласуға және тіпті қауіпті препараттарға жүгінеді.

"Кейбір бортсеріктер героин мен кокаин пайдаланады, бұл олардың салмағын бақылауда ұстауға көмектеседі. Бірақ олар төтенше жағдай кезінде оқиғаны бақылауға қабілетсіз болып келеді", - деп жазады газет.

Бойжеткеннің айтуынша, бірде жігітінің жанында отырмағанына наразы болған жолаушы бортсеріктің бетіне бір табақ ыстық кеспе лақтырып, қатты күйік қалдырған екен.

Бойжеткен тағы бір жолаушы ұшу кезінде порно фильм көріп, басқа жолаушылар алдында өзін қанағаттандырмақ болғанын да есіне алды.

"Ақырында ол шешініп өзініп қанағаттандырмақ болды. Осы кезде экипаж мүшелері әрекет ету керектігін түсініп тоқтатты", - дейді бортсерік.

Тағы бірде артқы қатардағы ерлі-зайыптылар басқа жолаушылардың қасында жыныстық қатынасқа түскен.

"Біз оларды тоқтатуға барғанда тіпті ұялған жоқ", - дейді ашық ол.

Видеоның соңында бойжеткен стресс пен психологиялық күйі оның терісіне әсер етіп, бұл кәсіпті тастауға мәжбүр болғанын айтады. Көріп отырғандарыңыздай, аспанда жұмыс істеу оңай емес. Осы мамандықты таңдарда басыңызды қауіпке тігудің қажеті жоқ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.