Желіде жоғалып кеткен "Титан" батискафының қайғылы оқиғаға дейінгі видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде "Титан" сүңгуір кемесі бір ғасыр бұрын апатқа ұшыраған "Титаник" лайнерінің қалдықтарын тамашалау үшін суға жіберілгенге дейін бірнеше минут бұрын түсірілген видео жарияланды.
Видеоны 22 жастағы Эбби Джексон жариялады, болжаммен ол батискафты су астына жіберу пунктіне жеткізген кемеде қызмет етеді. Видеода ол өзін көрсетіп, сосын сүңгуір қайықты түсірген. Видеода былай делінген: "Субмаринаның "Титаникке" бара жатқанын көріп тұрмын".
Айта кетейік, батискаф бортында бес адам болған: америкалық OceanGate Expeditions компаниясына тиесілі батискаф бортында оның құрылтайшысы 61 жастағы Стоктон Раш, ол өзі басқарып отырған. Терең суларды зерттеу ардагері, аппарат пилоты, франциялық 77 жастағы Поль-Анри Наржеоле, ұлыбританиялық миллиардер әрі ғарышқа ұшқан турист 58 жастағы Хамиш Хардинг, пәкістандық кәсіпкер 48 жастағы Шахзада Давуд және оның ұлы 19 жастағы Сулейман бар.
АҚШ-тың жағалау күзеті батискаф мүшелерін қаза тапты деп таныды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!