Белгісіз ер адам жолаушылар ұшағына басып кіріп, төлем талап етті

Белгісіз ер адам Мавританиядағы Нуакшот әуежайында жолаушылар ұшағына басып кіріп, төлем талап етті, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы Al-Arabiya TV телеарнасына сілтеме жасап.

Басқыншы құқыққорғау органдарының өкілдері оған шабуыл жасаса, Mauritanian Airlines әуеакомпаниясына тиесілі лайнерді жарып жіберемін деп қорқытты. Ұшақ бортында жолаушылар болмаған.

Реклама
Реклама

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ер адам билікпен ағылшын тілінде сөйлеседі. Сонымен қатар ол америкалық екенін мойындаған. Оның нақты талаптары әлі белгісіз.

Әуежайға қосымша күзет келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!