Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Белгісіз ер адам жолаушылар ұшағына басып кіріп, төлем талап етті


Белгісіз ер адам Мавританиядағы Нуакшот әуежайында жолаушылар ұшағына басып кіріп, төлем талап етті, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы Al-Arabiya TV телеарнасына сілтеме жасап.

Басқыншы құқыққорғау органдарының өкілдері оған шабуыл жасаса, Mauritanian Airlines әуеакомпаниясына тиесілі лайнерді жарып жіберемін деп қорқытты. Ұшақ бортында жолаушылар болмаған.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ер адам билікпен ағылшын тілінде сөйлеседі. Сонымен қатар ол америкалық екенін мойындаған. Оның нақты талаптары әлі белгісіз.

Әуежайға қосымша күзет келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Осыған ұқсас мақалалар

Таиланд туристерден "кіру салығын" өндіріп алуды жоспарлап отыр Таиланд туристерден "кіру салығын" өндіріп алуды жоспарлап отыр
Мысыр мен Түркиядағы 2022 жылғы үздік қонақүйлер аталды Мысыр мен Түркиядағы 2022 жылғы үздік қонақүйлер аталды
Кипр шетелдік туристерге кіру ережелерін жеңілдетті Кипр шетелдік туристерге кіру ережелерін жеңілдетті