Бельгия мен Люксембургте Наурыз мерекесі тойланды

Фото: ҚР СІМ ресми сайты

Наурыз мейрамын атап өту аясында Брюссель мен Люксембургте заманауи қазақ мәдениеті мен отандық шығармашылық топтардың өнімдері мен бұйымдарын таныстырған салтанатты шаралар өтті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Наурыз мейрамын атап өту аясында Брюссель мен Люксембургте заманауи қазақ мәдениеті мен отандық шығармашылық топтардың өнімдері мен бұйымдарын таныстырған салтанатты шаралар өтті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Мерекелік шара Қазақстанның Брюссельдегі елшілігі және Люксембургтегі Құрметті консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды. Жиында Қазақстан елшісі Марғұлан Баймұхан Еуразия құрлығының көптеген ұлты мен елі үшін Наурыз мерекесінің қоғамдық келісімді нығайтудағы және табиғатпен бірліктің символы ретіндегі маңызы, сондай-ақ бұл мерекенің өткен дәуірлердің мәдени мұрасын сақтаудағы рөлі туралы айтты.

Қазақстандық дипломаттың айтуынша, жаңаруды білдіретін Наурыздың биылғы мәні Қазақстан үшін ерекше, өйткені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған кең ауқымды өзгерістердің басталуымен тұспа-тұс келді.

Реклама
Реклама

Шара барысында Kazakh Juvelir компаниясының алғашқы арнайы топтамасы ұсынылды. Көрмеге отандық шеберлердің ұлттық стильде жасаған эксклюзивті жұмыстары қойылды.

Қазақстандық дизайнерлердің Nomad Moon топтамасының көрсетілімі екі қаладағы іс-шаралардың нағыз жаңалығы болды. Қонақтарға тұрақты және жауапты тұтыну трендтеріне сәйкес сапалы материалдардан жасалған этникалық нақышы бар заманауи, жеңіл костюмдер ұсынылды. Топтаманың басты мақсаты – ұрпақтар байланысын сақтай отырып, көшпелілер мен қазақ мәдениетінің элементтерін қазақстандықтардың заманауи киім стиліне енгізу.

Брюссель мен Люксембургтегі мерекелік іс-шаралар аясында Muse of Nomad журналының тұсаукесері өтті. Бұл журнал алдағы уақытта заманауи қазақстандық мәдениет, түрлі халықтың дәстүрлері, өмір салты, сондай-ақ сән мен сұлулық тақырыптарын қамтитын болады.  

Ұзақ пандемиядан кейін алғаш рет бас қосқан люксембургтік отандастарымыз молынан ұсынылған қазақ дәмдеріне, сондай-ақ жанды дауыспен және ұлттық аспаптарда орындалған қазақ музыкасын тыңдау мүмкіндігіне ерекше қуанды.  

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная