Беларусь саяхатшыларға кіру ережелерін өзгертті

Беларусь билігі саяхатшылардың елге кіруі үшін қойылатын талаптарды жаңартты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz порталы Avianews басылымына сілтеме жасап. Жаңа ереже 2020 жылдың 21 желтоқсанынан бастап күшіне енді және барлық жолаушыларға таралады. 

Қызыл аймақтағы елдерден келген шетелдіктер міндетті 10 күндік оқшаулануға және коронавирусты анықтау үшін ПТР-тестінен өткені туралы анықтама тапсыру тиіс. Ал жасыл аймақтағы елден келгендер тек ПТР-тест анықтамасын тапсырса жеткілікті. ПТР сараптамасын Беларуське барғанға дейін (үш күннен аспауы керек) тапсыру қажет. Құжатта тегі, есімі және әкесінің аты, сараптама мерзімі және оның нәтижесі ағылшын, орыс не беларусь тілінде болуы керек. Егер ПТР-тестінен өткені туралы құжат басқа тілде рәсімделген болса, шекара қызметінің мамандары тек аты, тегі және тест нәтижесінің латынша жазылған жағдайда қабылдайды. 

Ал егер жолаушы Беларусь арқылы транзитпен ұшып бара жатса, онда ол транзит уақыты 24 сағаттан аспайтыны туралы растайтын құжатты тапсыруы керек. Бұл жағдайда ПТР-тест нәтижесін көрсетудің қажеті жоқ. Жоғарыда аталған талаптар ересектерге және алты жастан асқан балаларға қатысты екенін айтылады. 

Қазақстан биыл тамыздан бастап кезең кезеңімен Беларусьпен халықаралық әуебайланысты қайта қалпына келтірді.