Байлыққа деген немқұрайлылық. Норвегиялықтардың таңғаларлық 5 әдеті жайлы білесіз бе?

© pixabay.com/H031175

Осыған дейін Aviata.kz сервисі мен Kaz.tengritravel порталы жапондықтардың әдеттері жайлы материал жариялаған болатын, бұл әдеттерді бойына сіңірген әрбір адам әлемге жаңаша көзқараспен қарай бастары анық. Бұл жолы біз Норвегия азаматтарының бір қарағанда оғаш көрінетін әдеттері жайлы айтамыз, оның астарында терең философия жатыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Осыған дейін Aviata.kz сервисі мен Kaz.tengritravel порталы жапондықтардың әдеттері жайлы материал жариялаған болатын, бұл әдеттерді бойына сіңірген әрбір адам әлемге жаңаша көзқараспен қарай бастары анық. Бұл жолы біз Норвегия азаматтарының бір қарағанда оғаш көрінетін әдеттері жайлы айтамыз, оның астарында терең философия жатыр.

Норвегиялықтар бір қарағанда, қарапайым көрінеді: сыпайы, ұстамды, сәнді киінген. Бірақ тереңірек үңілсек, олардың өмірі кейбір күтпеген ережелерге бағынатынын түсінесіз. Ең маңызды бес әдеті жайлы баяндаймыз.

Жеке шекараға ешкім қол сұқпауы тиіс

Реклама
Реклама

Норвегияда саябақта, қоғамдық көлікте, дүкендерде бейтаныс адамдармен еш себепсіз сөйлесуге, автобуста адам көп болса да, бейтаныс адамның жанына отыруға жол берілмейді. Егер сіз "мен жақын жерде жүріп, кіріп шығайын дедім" деп қоңырау шалмай келсеңіз, олар мүлде қуанбайды, Оның үстіне әдептілік үшін де жасырып қалмайды: мұндай жағдайда әрбір норвегиялық мәдениетті түрде өзінің бос емес екендігін айтып, сізді табалдырықтан шығарып салуы да ғажап емес.

Жұмыс әдеттегіден ерте басталады

Норвегиялықтар қоғамға барынша пайдалы болу керек деген идеяны берік ұстанады. Сондықтан жергілікті тұрғындар университетті бітіре салып, бірден жұмыс табуға ұмтылады, жас аналар декреттік демалыста бір жылдан артық отырмайды, тіпті жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу үшін өтініш беруші белсенді жұмыс іздеуде деген талапты орындауы тиіс.

Норвегияда жұмыс уақыты 8:00-де басталады. Оның үстіне жұмыс уақыты әдеттегіден қысқа – аптасына небәрі 37,5 сағат.

Сілтіге салынған нәлім және ескірген майшабақ

Мұндай нәрсені қалай жақсы көруге және тіпті оны жеңсік ас деп қалай сүйіп жеуге болатынын түсіну қиын. Құрметті шетелдік қонақты таң қалдырғысы келетін норвегиялықтар оған міндетті түрде "сюрстремминг" (ашытылған, көп тұрып қалған майшабақ) және "лютефиск" (кептірілген нәлім, қышқыл сілтіге салынған) жеуге кеңес береді және өздері қуана-қуана бірге жейді.

Балаларды фастфудпен тамақтандыру және далада ұйықтату

Балабақша мәзірінде әртүрлі бутербродтар бар. Сонымен қатар, балалар нан, ірімшік, соус, уылдырық, шұжық, балық таяқшалары, жұмыртқа сияқты ұсынылған ингредиенттерден өздері дайындай алады. Бақшаларда аптасына бір рет ыстық тамақ беріледі. Үйде олар таңертең және кешке тағы да тіскебасар жейді. Сэндвичтерді серуендеуге және жұмысқа апарады.

Сәбилерді кез келген ауа райында түскі уақытта далада ұйықтатады. Суық па, қар немесе жаңбыр жауып жатыр ма, оған қарамайды. Жылы орап, арбаға су өткізбейтін кигізіп, ұйықтата береді, бұл денсаулыққа пайдалы деп есептейді. Сондай-ақ, өсе келе сәбилерді күндізгі ұйқыға жатқызбайды.

Табиғатқа деген сүйіспеншілік

Норвегиялықтардың басты сүйіспеншілігі - табиғатқа деген махаббат және апта сайын табиғат аясында демалу. Сондықтан демалыс күндері жергілікті қалалар бос қалады. Норвегиялықтар пәтерлерін құлыптап, балаларын, ата-аналарын, қармақ пен азық-түлік алып, қала шуынан алыс, табиғатқа демалысқа барады. Уақытты осылай өткізу қалыпты болып саналады. Қалған уақыт өткізу түрін олар өздеріне жат санайды.

Байлыққа және сән-салтанатқа деген немқұрайлылық

Бұл елде сән-салтанатпен көзге түсу ерсі көрінеді. Сондықтан сәнді сарайлар, қымбат көліктер, сән-салтанат пен гауһар тастарды әдейі көрсету мұнда мүлдем жоқ десе болады. Тек велосипедпен жүру, "кэжуал" стилінде киіну және әлемге әйгілі, скандинавтық стильді ұстану кең таралған. Бұл Норвегиядағы жалақы орташа еуропалық деңгейден жоғары болғанына қарамастан орын алатын жағдай.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная