Барселонада туристік салық мөлшері тағы көтеріледі

Фото: pexels.com

Барселона қазаннан бастап туристік салықты тағы көтереді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Euronews мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Барселона қазаннан бастап туристік салықты тағы көтереді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Euronews мәліметіне сілтеме жасап.

Қазаннан бастап Барселонаға келетін туристер ұлғайтылған туристік салық төлейтін болады. Қалалық мәжіліс овертуризм мәселесін шешу үшін салықты бір түнге бір адамға 4 еуроға (шамамен 2000 теңге) дейін көтеруге дауыс берді.

Тұру түріне байланысты өзгеретін аймақтық туристік салықтан басқа, Барселонадағы туристер де қала салығын төлеуге міндетті. Бұл салық 2012 жылы енгізілді және содан бері бірнеше рет көтерілді. 2024 жылдың сәуірінде қала салығы бір түнге 2,75 еуродан (шамамен 1400 теңге) 3,25 еуроға (шамамен 1600 теңге) дейін өсті, енді ол қайтадан бір түнге 4 еуроға (шамамен 2000 теңге) дейін көтеріледі.

Реклама
Реклама

Аймақтық салық төрт жұлдызды қонақүйлер үшін - 1,70 еуро (шамамен 850 теңге), жалдамалы пәтерлер үшін - 2,25 еуро (шамамен 1130 теңге) және бес жұлдызды және люкс қонақүйлер үшін - 3,50 еуро (шамамен 1750 теңге). Қалада 12 сағаттан аз уақыт өткізетін круиздік кеме жолаушылары 3 еуро (шамамен 1500 теңге), ал ұзағырақ қалғандары 2 еуро (шамамен 1000 теңге) төлейді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная