Каталония автономиялық қауымдастығының полициясы Барселона қонақүйлерін тонады деген күдікпен екі адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі жергілікті құқық қорғау органдары баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Біз қаңтардан бері тоғыз рет қарулы тонау ұйымдастырып, шамамен 10 000 еуроны қолды қылған екі адамды қамауға алдық. Тергеу жүріп жатыр. Оларға қатысты көлікті абайсызда басқару, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасау және тонау бойынша айып тағылды", - деп жазды полицейлер Twitter желісінде.
4 сәуірде екі қонақүйді тонаған ұрыларды полиция қоршаған. Арнайы операция кезінде үш офицер жараланған. 35 және 37 жастағы ер адамдар полицейлер мінген мотоциклды қағып, тағы бір көлікті соғып, оқиға орнынан жаяу қашқан. Қаскөйлерді ұстау кезінде олар белсенді қарсыласқан, алайда көп ұзамай ұсталған. Олардың көлігінен екі ас үй пышағы, сейф пен ұрлаған ақшалар табылды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!