Бангкок енді жоқ. Таиланд астанасының атауы өзгерді

Бангкок, Таиланд. Фото ©Shutterstock

Таиланд астанасының ресми атауы енді Бангкок болмайды. Бұл туралы Корольдік қоғамның кеңсесі (ORST) жариялады және министрлер кабинеті мақұлдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таиланд астанасының ресми атауы енді Бангкок болмайды. Бұл туралы Корольдік қоғамның кеңсесі (ORST) жариялады және министрлер кабинеті мақұлдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.

Оның орнына қалаға тарихи атау - Крунг Тхеп Маха Нахон қайтарылады. Алайда, жаңа ресми атау барлық заң жобасын тексеруге жауапты комитет тексергеннен кейін қабылданады.

Жаңашылдық көпшіліктің көңілінен шықпағаннан кейін ведомство Facebook-тегі парақшасында құжаттардағы Бангкоктың ескі атауын ресми атаудан кейін жақшада қолдануға болатынын хабарлады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Бангкок атауы 2001 жылдың қарашасынан бастап сол бөлімнің бұйрығымен қолданылып келеді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная