Үндістандық мас турист Тайландтың Паттайя курортындағы тұрғын үйдің 6-қабатынан құлап, аман қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі BNN Breaking басылымына сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, оқиға орнына келген құтқарушылар көпқабатты үйдің маңында жатқан Джайсал есімді 43 жастағы ер адамды тапқан.
Құлаған кезде туристің қолы мен аяғы сынғаны анықталды. Медициналық көмек көрсету үшін ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
"Оқиға кезінде онымен бірге болған достары Джайсал мас күйінде балконның есігін ванна бөлмесінің кіреберісімен шатастырғанын айтты", - деп жазады басылым.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!