Балиде турист қызды қорғаймын деп көзінен айырылып қала жаздады

Фото: pixabay.com

Екі аустралиялық турист Индонезияның Бали аралында бейтаныс адамдармен төбелесіп, пышақ жарақатын алды. Салдарынан туристердің бірі көзінен айырылып қала жаздады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екі аустралиялық турист Индонезияның Бали аралында бейтаныс адамдармен төбелесіп, пышақ жарақатын алды. Салдарынан туристердің бірі көзінен айырылып қала жаздады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметіне сәйкес 28 жастағы Питер Ноэль Сидни Най және оның досы Изаа Уилсон қызымен бірге Семиняк курортындағы түнгі клубта демалған. Онда бейтаныс ер адамдар бойжеткенге қырындай бастаған. Алайда достары қызға жақтасып, көп ұзамай үшеуі виллаға қайтады.

Қызды үйде қалдырған соң, Най мен Уилсон супермаркетке ішімдік әкелуге кетеді. Онда достар клубта ерегісіп қалған ер адамдармен қайта кездесіп қалады. Жанжалдың соңы төбелеске ұласады. Ер адамдар сынған бөтелкені пайдаланып, туристерді ауыр жарақаттады. Әсіресе Най қолы мен бетінен жарақат алады. Тіпті ол көру қабілетінен айырылып қала жаздады. Енді аустралиялыққа күрделі ота жасалады.

Реклама
Реклама

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная