Балиде ішімдікке тыйым салу мәселесі талқыланып жатыр

© shutterstock.com

Балиде ішімдікті шектеуді үш саяси партия ұсынып отыр. Олардың бастамалары бойынша алкогольдік ішімдіктерді өндіруге, сақтауға, сатуға немесе тұтынуға тыйым салынады. Ал Балидегі қонақүй иелері Индонезияда ішімдікке тыйым салу заңы енгізілсе, туристер саны азайып, коронавирустан кейін экономиканың қайта қалпына келуіне кедергі болатыны туралы ескертеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы The Sydney Morning Herald басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алкоголь өнімін өндіру, сақтау, импорттау және сату үшін екі жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және 100 мың долларға дейін айыппұл салынуы мүмкін. Ал ішкені үшін - екі жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе бес мың долларға дейін айыппұл салынады. Әр түрлі шектеу түрлері қарастырылуда, мысалы фармацевтикалық мақсатта, туристерге арналған т.б. Бірақ шетелдіктер, оның ішінде Индонезияда тұратындар тыйымнан босатыла ма, жоқ па, жергілікті шарап зауыттары немесе сыра зауыттарының жайы не болатыны белгісіз.

Реклама
Реклама

Бали Қонақүйлер қауымдастығының төрағасы Рики Путра Индонезияда алкоголь айналымы мен тұтынуын реттейтін заңдар жеткілікті деп мәлімдеді. "Қазіргі уақытта біз пандемиямен күресіп жатырмыз. Шекараларымыз ашылған кезде туристерді қалай тартамыз? - дейді ол. - Егер туристер Балиге демалуға келгенде бір құты сыра да іше алмаса?".

Оның пікірінше, алкогольдік ішімдіктерге қатысты қолданыстағы заңдардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету қажет.

Индонезия депутаты Илииза Саадуддин Джамал ұсынылған заңның егжей-тегжейін одан әрі талқылау қажет дейді, "бұл қазіргі уақытта тек ұсыныс" ретінде қарастырылып жатыр. Шектеулер жасалуы мүмкін, ұсынылған заң алкогольге мүлдем тыйым салмайды", - дейді ол.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная