Балиде паром апатынан алты турист қайтыс болды

Индонезияның Бали аралының жағасында жолаушылар паромы апатқа ұшырап, салдарынан алты турист қайтыс болды, тағы сегіз адам жарақат алды. Бұл туралы ТАСС басылымы "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Алты адам қайтыс болды, олардың үшеуі ер адам және қалғаны әйел", - деді агенттікке құтқарушылар.

29 маусымда 50 адамды тасымалдауға арналған кеме Бали аралының жағасында батып кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 41 жолаушы және 15 экипаж мүшесі болған, ал кеме Ява аралынан Балиге бара жатқан.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!