Балиде бетперде тақпаған туристерге ерекше жаза қолданылды

Индонезияның Бали аралында полицейлер COVID-19 таралмауы үшін бекітілген ережелерді сақтамаған туристерді жазалау жағдайлары анықталды. Құқық қорғау органдары өкілдері ережебұзушыларға физикалық жаттығу жасауды мәжбүрлеген. Осындай бір оқиғаның видеосын ABC News жариялады.

Видеода полицейлердің бетперде тақпай, мотоцикл жүргізген бірнеше адамды тоқтатады. Заң өкілдері жас жігіттерге көшенің қақ ортасында кеудені жерден көтеру (отжимание) жаттығуын жасатқан. 

"Көптеген заңбұзушылар жеке қорғаныш заттарын тақпаған және дұрыс тақпау фактілері де көп", - дейді жергілікті полиция қызметінің басшысы Густи Агунг Керта Сурьянегара.

Есесіне, ереже бұзған туристерге ешқандай айыппұл салынбаған.