Балиде әуежай қызметкерлері тегін қызмет үшін ақы алып отырған

Индонезияның Бали аралының прокуратурасы Денпасар халықаралық әуежайында иммиграциялық процедураларды жеделдету қызметі үшін туристерден ақы алды деп күдіктелген иммиграция қызметкерлерін ұстады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі индонезиялық ANTARA агенттігіне сілтеме жасап.

"Мұның бәрі "жеделдетілген ресімдеуді" теріс пайдалану туралы жұртшылықтың хабарлауынан басталды. Бұл Денпасар халықаралық әуежайындағы иммиграциялық қызметтің басым түрі, ол егде жастағы адамдарға, балаларға, жүкті әйелдерге және мигранттарға шетелде иммиграциялық қызметтерді жеңілдетуге арналған", - деді Бали прокуратурасының ерекше қылмыстар жөніндегі көмекшісі Деди Курниаван.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, "жеделдетілген ресімдеу" қызметі тегін. Алайда, әуежайдың ұсталған бес қызметкері "жеделдетілген тіркеуді пайдаланған шетелдіктерден ақша талап етіп, иммиграциялық басқарудың мақсаттарын теріс пайдаланды".

Басылымның мәліметінше, шетелдіктер үшін алымдар бір адамға 100-ден 250 мың Индонезия рупиясына дейін (7-ден 13 долларға дейін) белгіленген.

"Үкіметтің елдегі инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі күш-жігері аясында Индонезияның имиджіне нұқсан келтіруден басқа, Денпасар әуежайындағы заңсыз тәжірибе әділ мүмкіндіктер қағидаттарына байланысты қоғамдық бастамаларға зиянын тигізуі мүмкін", - деп қорытындылады Курниаван.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!