Бали туристерді тартудың ерекше жолын таңдады

© pixabay

Бали билігі пластикалық ота индустриясына инвестиция құйып, аймақты медициналық туризм сұранысқа ие азиялық арал етпек. Бұл туралы аустралиялық Nine Network телеарнасы хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бали билігі пластикалық ота индустриясына инвестиция құйып, аймақты медициналық туризм сұранысқа ие азиялық арал етпек. Бұл туралы аустралиялық Nine Network телеарнасы хабарлады. 

Коронавирус пандемиясына байланысты туристер ағыны күрт төмендеп кетуінен кейін, билік өкілдері аралға саяхатшыларды тартудың жаңа әдісін іздей бастаған. Соның нәтижесінде бірер айда Балидің Сангла ауруханасында жаңа эстетикалық орталық әрі жасару медицинасы ашылады. Жоспар бойынша бұл орталық Таиланд пен Сингапурдегі орталықтарға бәсекелес бола алады. 

Орталық клиенттерге пластикалық отаның түр-түрін ұсынады, мысала омырауын, бөксесін үлкейту, ботокс екпелері, сондай-ақ отадан кейінгі мамандандырылған күтім көрсетіледі. 

Реклама
Реклама

Бали экономикасына туризмнен түсетін табыстың мөлшері 50 пайыздан асады. Халықтың 70 пайызы осы іске жұмылдырылған. 2019 жылы аралға барған 6,3 миллион саяхатшы ел қоржынына 7,8 миллиард доллар пайда түсірген. Ресми дерек бойынша, COVID-19 пандемиясына байланысты 700 мыңнан аса жергілікті тұрғын жұмыссыз қалған. 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная