Бали жағалауында туристік лайнер өртенді

© ANTARA/HO-TNI AL

16 қарашада Индонезияның Бали аралының жағалауында туристік Mutiara Timur I лайнері өртенді, - деп хабарлайды жергілікті басылым ANTARA.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

16 қарашада Индонезияның Бали аралының жағалауында туристік Mutiara Timur I лайнері өртенді, - деп хабарлайды жергілікті басылым ANTARA.

Агенттік мәліметінше, сәрсенбіде болған өрт Бали бұғазынан өте бергенде болған. Куәгерлердің айтуынша, аралдардың біріндегі портқа бара жатқан лайнерден әуеге қарай қара түтін шыққан.

Реклама
Реклама

Жергілікті порт қауіпсіздігі қызметінің басшысы Танджунгванги Видодо осы деректі растады.

"Mutiara Timur I лайнерінде расымен өрт шықты. Ондағы өртті сөндіруге және жолаушылар мен экипажды құтқару үшін Индонезияның әскери-теңіз күштері мен балықшылар жұмылдырылды", - деді ол.

Гили-Мас-Шит портына бара жатқан кемеде 236 жолаушы және 22 экипаж мүшесі болған.

"Құдайға шүкір, жолаушылар зардап шеккен жоқ, барлығы қауіпсіз жерге жеткізілді", - деді теңіз пехатосының майоры Махмуд Ридо.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная