Бали аралы шетелдік туристер үшін толық ашылады

Бали курорттық аралы 4 ақпаннан бастап барлық саяхатшы үшін біртіндеп ашылады. Бұл туралы Индонезияның теңіз істері және инвестициялар министрі Лухут Панджайтан мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі TheJakartaPost басылымына сілтеме жасай отырып.

Жергілікті биліктің айтуынша, толық вакцина алғандарға жеңілдіктер де енгізіледі. Олар үшін карантин кезеңі жетіден бес күнге дейін қысқарады. Сондай-ақ, Индонезияда омикронға байланысты COVID-19 жұқтырғандардың тұрақты өсуіне қарамастан, толық ашу туралы шешім шығарылды. Ел билігі туристік сектордың қызметін қайта бастауға мәжбүр.

Реклама
Реклама

Бұған дейін қазаннан бастап Балиге бес елдің: Біріккен Араб Әмірліктері, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея және Жаңа Зеландия азаматтарына кіруге рұқсат етілген. Алайда, бұл экономиканы жандандыру үшін жеткіліксіз болды. 2020 жылға дейін келген саяхатшылар қазынаға түсімнің 54 пайызын қамтамасыз етті.

Серфинг, храм, сарқырамаларымен және түнгі өмірімен танымал Бали 2019 жылға дейін 6,2 миллион шетелдік туристі тартты.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!