Баламен саяхаттайтын туристер үшін таптырмас мекендер тізімі жарияланды

British Airways әуекомпаниясы отбасылық демалыс үшін үздік орындарды анықтау мақсатында зерттеу жүргізді. Бұл тізімді польшалық Краков қаласы бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Балаларымен демалу үшін ең керемет орынды табу үшін әуекомпания командасы әртүрлі бағыттар бойынша қолжетімді тұрғын үй нұсқаларын, ойын-сауық шараларын және мейрамханаларды талдады, - деп жазады Express.

Атап айтқанда, Краков қаласы балалары бар туристерге қолайлы мейрамханалар мен қонақүйлердің көптігінің арқасында жеңіске жеткен. Сонымен қатар, рейтинг құрастырушылардың айтуынша, көптеген қызықты көрікті жерлер мен жергілікті тұрғындары өте қонақжай екен.

Отбасылық демалыс үшін үздік он орын:

  • Краков, Польша;
  • Лиссабон, Португалия;
  • Дубай, БАӘ;
  • Нью-Йорк, АҚШ;
  • Мадейра, Португалия;
  • Тенерифе, Испания;
  • Мальта;
  • Лансароте, Испания;
  • Барселона, Испания;
  • Аликанте, Испания.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!