Бақуатты адамдардың сүйікті курорты тағы қымбаттады

© pixabay.com

Мальдив Республикасының Парламенті туризмге арналған тауарлар мен қызметтерге салық мөлшерлемесін (TGST) 4 пайыздық тармаққа - 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру туралы ұсынысын қолдады, - деп хабарлайды АТОР.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мальдив Республикасының Парламенті туризмге арналған тауарлар мен қызметтерге салық мөлшерлемесін (TGST) 4 пайыздық тармаққа - 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру туралы ұсынысын қолдады, - деп хабарлайды АТОР.

Мальдив елінің президенті Ибрахим Мұхаммед Солих салық заңнамасына түзетуді бекітті. Соның нәтижесінде жақын арада бақуатты адамдардың сүйікті курортында демалу одан да қымбаттай түсті. 2023 жылдың 1 қаңтарында өзгерістер күшіне енгеннен кейін Мальдив қонақүйлері, туристерді қабылдау мекемелері мен көлік тасымалы компаниялары баға саясатын қайта қарауға мәжбүр болады.

Мальдив аралдары туристік агенттіктері мен туроператорлар қауымдастығының өкілдері жергілікті биліктің шешімі кенеттен және асығыс деп атады. Туризм саласының мамандары егер 2023 жылдың басында туризм салығы ұлғаятын болса, бұл сала қатты зардап шегетінін айтады.

Реклама
Реклама

"Салық бәсекелес елдерге қарағанда жоғары болады және кейбір нарықтарды жоғалтуы мүмкін", - деп түсіндірді мамандар.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная