Бақуатты адамдардың сүйікті демалыс орнында сағатына 300 шақырым жылдамдықпен жел соққан

© pixabay.com

Испанияның атақты Марбелья курортты қаласында күн шаңқайып тұрған уақытта, әп-сәтте ауа райы бұзылған. Мамандардың айтуынша, желдің жылдамдығы сағатына 300 шақырым болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Испанияның атақты Марбелья курортты қаласында күн шаңқайып тұрған уақытта, әп-сәтте ауа райы бұзылған. Мамандардың айтуынша, желдің жылдамдығы сағатына 300 шақырым болған.

Теңізден соққан торнадоның салдарынан ағаштар түбірімен жұлынып, скутерлер мен қайықтарды төңкеріліп қалған. Былайша айтқанда бекітілмеген дүниенің бәрі көкке көтерілген. Куәгерлердің айтуынша, қымбат барлардың үстелдері әуеде қалықтаған.

Реклама
Реклама

Қуанышқа орай табиғи апат салдарынан ешкім қаза тапқан жоқ, алайда жергілікті БАҚ мәліметінше, бір адам жарақат алған. Дауыл қалай кенеттен пайда болса, солайша дереу басылған.

Айта кетейік, Марбелья Испаниядағы ең қымбат курорттардың бірі. Малага провинциясында орналасқан бұл қалада атақты Коста-дель-Соль жағалауы өте танымал және 1950 жылдардан бері бақуатты адамдардың сүйікті демалыс орнына айналған.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная