"Бағынбаған арена". Windows экранындағы осы бір жұмбақ жерге қалай баруға болады?

Көпшілігімізге Windows-тың экран суреттерінен көріп жүрген мына бір көрініс - альпинисттің тік құз жартасқа өрмелеп бара жатқандығы өте таныс. Бұл шыңның романтикалық атауы да бар екен, ол Лотос гүлі мұнарасы деп аталады. Ол "Бағынбаған арена" атты ерекше атауымен танымал тауда орналасқан. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге сізге осы бір ғажайып орын туралы баяндайды.

"Бағынбаған арена" Канаданың солтүстік-батыс аумағында Наханни ұлттық қорығында орналасқан. Бұл массив - Маккензи тауларының табиғи аймағындағы шыңдар мен қабырғалар тобы. Қашықтағы және биік жартастар мен мұз алаңдары бүкіл әлем саяхатшылары мен альпинистері үшін қызығушылық тудырады. Бұл - сондай-ақ, орман карибуының, тауешкілердің, Далла қойлары мен аюлардың жазда мекен ететін жері.


© Shutterstock

Бұл жерлер өркениеттен өте алшақ орналасқандықтан, мұнда саяхаттау қайтпас қайсар адамдар үшін ғана десе болады. Оның әлемге XX ғасырдың ортасында ғана танымал болуы таңқаларлық жағдай емес. 1955 жылы альпинист Арнольд Векслер Логан тауларында, қазіргі Наханни ұлттық саябағын қорғау аймағының бөлігі болып табылатын алыстағы жартастардың осы түрлерін кездестірді. Мөлдір гранит қабырғаларының мызғымас келбетінен ол құз жартастарды "Бағынбаған арена" деп атады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Counterspherics Labs (@counterspherics)

Қазірдің өзінде бұл жерлерге бару оңай емес. Ол жерге баруға және туристік визаны алу үшін сізге Канадаға сапарыңыздың егжей-тегжейлі сипаттамасы қажет. Ұзақ ұшуға және көптеген ауысымдық рейстерге дайын болғаныңыз жөн. Алдымен, канадалық Ванкуверге немесе Калгариға Еуропа немесе Оңтүстік Корея арқылы өтетін транзиттік жолдармен жету қажет. Содан кейін жол сізді Юкон аумағындағы Уайтхорске апарады. Мұнда көлік жалдап сізді күтіп тұрған гидроұшаққа дейін жете аласыз. Ол сізді Глэсир көліне, бағыттың бастапқы нүктесіне жеткізеді.

Бірақ мұнымен бітпейді. Сізге аталмыш жартастар орналасқан "Ертегі шалғындары" алқабына кем дегенде бір күндік жол күтіп тұр. Саяхатшылардың көпшілігіне жол өте қиын болғандықтан, тікұшақты пайдаланған жөн.

Егер сіз тәуекелге бел бусаңыз...

Егер сізде тікұшақпен немесе гидропланмен жету мүмкіндігі болмаса, онда көтерілу кезінде шаршамау үшін кәсіби альпинистер ең аз жүкпен жолға шығуға кеңес береді. Бұл шыңдарды бағындырғандар қызықты ерекшелігін атайды: кіре беріс баурайының оң жағы мол өсімдіктермен, ал сол жағы қиыршық тастарға толы. Екінші нұсқа бойынша жүру қаншалықты қиын, болғанымен, тығыз өскен шөптермен жүргеннен біршама жеңіл болмақ.

Мұзды көл жартасынан әрі қарай Хариссон Смит тауының астындағы тау баурайына қарай өзенге апаратын әлсіз соқпақ бар. Тау баурайына көтерілмес бұрын "Аренадан" шығатын үлкен ағынның қиылысын кесіп өту керек. Мұнда бөренелі өткелдер бар. Сырғып кеткіңіз келмесе, мүмкіндігінше сақ болыңыз. Таудың баурайында тастан жасалған пирамидаларды кездестіресіз. Сіз көтерілісті еңсерген соң, "Бағынбаған аренаны" көресіз, оны көргенде қиындықтарыңыз бірден ұмытылады.


Сурет www.summitpost.org сайтынан

Қызықты дерек

2000 жылы осы нәзік экожүйеде пайда болатын адам қалдықтарының мәселесін шешу үшін "Ертегі шалғынында" шұңқырлы дәретхана орнатылған. Кемпингтің негізгі аймақтарында аюдан қорғалған тамақ өнімдерін сақтайтын контейнерлер бар.

Келушілер жабайы табиғаттың этикалық Кодексін сақтауы керек:

- қоқысты дұрыс жою: барлық жанбайтын қалдықтар қаптамада болуы керек. Қағаздан жасалған бұйымдарды ғимарат ішінде жабық жерде өртеп немесе буып-түю керек;

- қоқыстарды дұрыс жою: базалық лагерьде болған кезде, "Ертегі шалғындарында" орналасқан шұңқырдағы дәретхананы пайдаланыңыз. Дәретхана қағазын немесе қоқысты дәретханаға тастамаңыз. Дәретхана қағазын пакеттерге бүктеп немесе оқшауланған жерде өртеу керек. Базалық лагерьден алыс жерде қалдықтар су көзінен 50 метрден астам жерде көмілуі қажет. Альпинистер қоқыстарды тастамай, бірге алып жүруі керек. Содан кейін қалдықтарды жоюға болады;

- ағынды суларды дұрыс тазалау/ағызу: кейбір ағынды судың маусымдық сипатын ескере отырып, кез-келген су көзінен кемінде 50 метр қашықтықта ағынды суларды ағызып, алып тастау қажет;

- барлық ауыз суды тазалаудан өткізіңіз: бұл жерлерде сүтқоректілердің мекендеуіне байланысты судың ластану мүмкіндігі бар, мысалы, арктикалық суырлар, тау ешкілері және т.б. Сондықтан барлық ауыз суды сүзгілеу, қайнату немесе тазарту ұсынылады.

Жоғарыда айтылған талаптардан басқа, "Аренаға" барғанда, мыналарды да ескеру қажет:

- мұқият болыңыз: аңғарларда серуендеу кезінде негізгі бағыттарды басшылыққа алыңыз. "Аренаға" апаратын жол тас пирамидалармен (үйінділермен) белгіленген. Белгіленген соқпақтарды қатаң ұстану қажет.

Бұл жерлерде гризли аюлары мекендейтінін білу маңызды, сондықтан саяхаттау туристер үшін де, жыртқыштар үшін де үлкен қауіп тудырады. Тамақты кем дегенде алты метр биіктікте және лагерьден кемінде 50 метр қашықтықта орналастыру керек. Серуендеу кезінде аюлар сізге жақындамайтындай дауыстар шығарып жүру қажет.

Боулдеринг деген не?

Алдымен, осы шетелдік терминнің мағынасына үңілсек. Боулдеринг - тау жыныстарына өрмелеу. Бұл қысқа және өте қиын соқпақтармен жоғары көтерілу. Мұнда сіз достарыңызбен жылдамдықпен жарыса отырып бағындыратын көптеген жартастарды таба аласыз. Саяхатшылар оларға күлкілі атаулар да қойған екен. Сонымен, тастардың бірі осы құсқа ұқсастығы үшін "Пингвин" атауына ие болған.


Сурет www.summitpost.org сайтынан

Лотос гүлі мұнарасына шығу

"Аренаның" ең әйгілі шыңы және барлық альпинистер үшін ең міндетті шыңы - Лотос гүлінің мұнарасы. Шытырман оқиғаларды іздеушілердің көпшілігі оны бағындыру үшін осында келеді. Оның көлбеуі 5,9 градус, ол "ең оңай" болып саналады, дегенмен альпинизмнен хабары жоқ адамдар үшін оны жаулап алу өте қорқынышты болып көрінеді. Жалғыз мүйіз шыңы сияқты күрделі жерлері де бар. Осыған қарамастан, AJones лақап атына ие тәжірибелі альпинист үшін, өзі айтқандай, бағындыруға бір күн уақыт кеткен. Осылайша, ол үш апта бойы қолайлы ауа-райын күткен.


Сурет www.mountainproject.com сайтынан

"Аренаны" бағындыру неге соншалықты қиын?- деген сұраққа жауап берер салмақты себептер бар:

- тастың құлауы. Бұл табиғи құбылыс мұнда күн сайын кездеседі. Кейде ең тәжірибелі мамандарға алдын-ала сақтану қиынға соғады, өйткені бір тастың өзі өрмелеудің негізіне бекітілген арқанды кесіп тастай алады;

- бұл аймақ өте алыста орналасқан, лагерьде спутниктік телефон болса да, аман қалу мүмкіндігі аз, көмек жеткенше бірнеше сағат өтеді.


Сурет www.summitpost.org сайтынан

Қай кезде барған дұрыс?

Мүмкін, саяхаттауды жоспарлаушы кез келген турист: "Осы немесе басқа жерге қашан барған дұрыс?" деген сұрақ қояры анық. Циркке алғаш рет келген альпинистер үшін жауап дайын. Циркте өрмелеудің ең жақсы уақыты - шілде мен тамыз айлары, нақтырақ айтсақ, шілденің соңғы аптасы мен тамыздың алғашқы екі аптасы. Жету ұзақтығы бойынша бұл кем дегенде екі апта, ал нақтырақ үш апта уақытты алуы мүмкін.

Қиыр солтүстіктегі жаз айтарлықтай ұзақ, сондықтан шілде мен тамызда сізде тәулігіне 16-20 сағат жарық болады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.