Бағдад әуежайында өрт шықты - видео

Бағдад халықаралық әуежайының ұшу залында өрт шықты, - деп хабарлайды INA (Ирак ақпараттық агенттігі) елдің азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Джихада ад-Диванаға сілтеме жасап.

Әуежай ішінде орналасқан кафеде өрт шыққан. Өрт дереу ауыздықталып, сөндірілген. Алайда әуежай ішінде түсірілген видеодан әуеайлақтың астаң-кестеңі шыққанын байқауға болады.

"Бағдад халықаралық әуежайында болған өрт дереу сөндірілді, ол рейстер кестесіне еш әсер еткен жоқ. Сондай-ақ, ешбір жолаушы өрт салдарынан зардап шеккен жоқ. Алайда әуежай ішінде түтіндеп, соның салдарынан ұшу залында қызмет көрсететін үш маман түтінге уланып, ауруханаға жеткізілген", - деді Джихада ад-Дивана.