Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

БАӘ-де туристер үшін "жасыл құжат" міндеттелді


Абу-Дабидің төтенше жағдайларды, дағдарыстар мен апаттарды басқару комитеті 20 тамызда күшіне енетін жергілікті тұрғындар мен туристер үшін жаңа ережелер жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom басылымына сілтеме жасап.

Алдағы жұмадан бастап Alhosn қосымшасы арқылы алынатын "жасыл құжат" барлығына міндетті болады. Онсыз сауда орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға, спортзалдарға, демалыс және спорт орындарына, курорттарға, музейлерге, университеттерге, институттарға, мемлекеттік және жеке мектептерге кіруге болмайды.

Абу-Дабиде еркін жүру үшін шетелдік туристер сапар алдында жеке куәлік пен азаматтығы арқылы Федералды агенттіктің қосымшасында тіркеліп, құжатты толтырып, халықаралық вакциналау сертификатын жүктеуі керек. Содан кейін оларға Alhosn қосымшасына сілтеме жасалған SMS келеді.

БАӘ астанасына келгеннен кейін саяхатшылар бірыңғай сәйкестендіру нөмірін алады, оның көмегімен қосымшада тіркелуге болады. Содан кейін Абу-Даби қонақтарына "жасыл құжатпен" өту үшін бір реттік пароль беріледі.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды