БАӘ-де жылдың осы уақыты үшін қалыпсыз аптап ыстық болып тұр

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ауа райы температура рекордын бұзып тұр. Бұл туралы Ұлттық метеорология орталығы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Күнтізбеде жаз енді басталғанына қарамастан, соңғы үш күнде Әмірліктердегі термометр күндіз екі рет 51 градус Цельсийден жоғары болды. Жылдың осы уақытында мұндай ыстық болмайтын.

"Жексенбіде әл-Айн ауданындағы ас-Свейха қаласындағы температура жергілікті уақыт бойынша 14.30-да 51.8 градусқа жетті және бұл маусымда ең жоғары температура болды. Әдетте маусымның басында ауа температурасы 40 градустан аспайтын, мамырмен салыстырғанда екі-үш градусқа көтерілетін", - делінген орталықтың хабарламасында.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!