БАӘ-де жаңажылдық түнде екі әлемдік рекорд орнатылды - видео

Рас-әл-Хаймадағы жаңажылдық отшашу Гиннестер рекорды кітабына екі номинация бойынша енді: судағы ең ұзын отшашу тізбегі және әуедегі ең ұзын отшашу тізбегі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі әмірліктің туризмді дамыту департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сегіз минуттық көрініс әл-Маржан аралы мен әл-Хамра ауданы аралығындағы жағалауда 4,5 шақырымға созылған.

Реклама
Реклама

Таңғаларлық шоу кезінде техникалық инновациялар қолданылған, бұрын соңды мұндай пайдаланылмаған. 1050 жарықдиодты дрондардың, акваотшашу сынды көріністер жұртты таңғалдырмай қоймағаны анық.

Фото: RAKTDA

"Жаңа екі рекорд орнату мерекенің атмосферасын қалыптастырды, ол әлемнің мыңдаған туристері мен әмірлік тұрғындарын біріктірді. 2023 жыл Рас-әл-Хаймада туризм саласы үшін табысты жыл болды: айтарлықтай нәтиже көрсеттік, біз жаһандық мақсатымыз - 2030 жылға 3 миллион келушіні қабылдау межесіне бір табан жақындадық", - дейді Рас-әл-Хайма әмірлігінің туризмді дамыту департаментінің басшысы Раки Филлипс.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!