13 қыркүйекте 40 градус ыстыққа қарамастан БАӘ-нің кейбір ауданында жаңбыр мен үлкен бұршақ жауды. Муниципалды билік халыққа қауіпсіздік бойынша ұсыныстар берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Khaleej Times сайтына сілтеме жасап.
Бұл ел үшін бұршақ ерекше құбылыс. Желіде оның жауған сәті түсірілген видеолар жарияланды.
Ұлттық метеорология орталығы (NCM) нөсер мен бұршақ Дубайдағы Мурккуаб пен Шарджадағы Млейха арқылы өткенін атап өтті. БАӘ ауа райы департаменті бірқатар аудан үшін қызыл, қызғылт сары және сары ескерту кодтарын шығарды.
Еске салайық, тамыздың ортасында Дубай мен Абу-Дабиде қатты құмды дауыл болды.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!