28 қыркүйек 2023 18:31

Азияның танымал қаласы туристерге кешке барларға барғаны үшін ақша төлегісі келеді

© pixabay.com/JonasKIM

Гонконгтағы туристерге Hong Kong Night Treats бағдарламасы кешкі уақытта кафелер мен мейрамханаларға бару үшін ақшалай сертификаттар береді. Бұл туралы South China Morning Post (SCMP) жергілікті басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азияның танымал қаласының билігі қонақтарға түнгі өмірін жандандыру үшін ақша төлегісі келеді. Дереккөзге сәйкес, сертификаттардың номиналы 100 Гонконг долларына (6 мың теңгеден аса ) тең болады. Мұндай миллион купон шығару жоспарланған. Бағдарламада сағат 18.00-ден кейін баруға болатын 500-ге жуық мейрамханалар мен барлар бар.

Hong Kong Night Treats бағдарламасы бойынша сертификаттарды Туризм кеңесі Цим Ша Цуй аймағындағы, Батыс Коулундағы және Гонконг халықаралық әуежайындағы орталықтарында тарататыны белгілі. Олар 2023 жылдың қарашасынан бастап шығарылады.

Реклама
Реклама

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram