Азияның қандай танымал елдері туристер үшін шекарасын ашты

Саяхат саласындағы басты жаңалықтардың бірі Жапонияның екі жылдан астам уақыт бойы жабық шекаралардан кейін шетелдік туристер үшін ашылуы болды. Kaz.tengritravel.kz тілшісі саяхатшылар үшін тағы қандай азиялық танымал дестинациялар ашық екенін айтады.

Маусым айында Жапония билігі кейбір шектеуді алып тастады және елге туроператор арқылы пакеттік тур сатып алғандар келе алатын болды. Сонымен қатар, ел күніне келушілер санына шектеу енгізді - 50 000 туристен аспайды.

Japantimes.co.jp мәліметінше, 11 қазанда ел күніне келушілер санына және тур сатып алу қажеттілігіне шектеулерді алып тастайды. Осылайша, еркін саяхатшылар Жапонияға бұрынғыдай келе алады. Жалғыз талап - вакцина алмаған адамдарға арналған COVID-19 тестінің теріс нәтижесі.

26 қыркүйектен бастап Гонконг екі жарым жыл бойы міндетті болған жеті күндік карантинді алып тастады. Шетелден келгендердің бәрі келген кезде бірден орналастыру орындарына бара алады, бірақ олар үш күн сол жерде болуы керек. ПТР-тестін ұшудан 48 сағат бұрын тапсырудың қажеті жоқ. Енді туристер антигенге жедел тест тапсырады. 

Туристерге қолжетімді тағы бір ел - Тайвань. Жақында билік 29 қыркүйектен бастап апталық келу лимиті 50 000-нан 60 000 адамға дейін көтерілетінін мәлімдеді. Енді саяхатшыларға ПТР-тесті емес, тек үш күндік карантин кезінде COVID-19 жедел сынағын тапсыру керек. Үш күндік карантин жойылып, 13 қазаннан бастап тұрғылықты жері бойынша немесе арнайы бөлінген қонақүйде жеті күндік өзіндік профилактика қалады. Ережелер мен ұсыныстарды осы жерден оқуға болады.

Бұған дейін 1 қазаннан бастап Таиланд туристердің кіруіне коронавирус шектеулерін алып тастайтыны белгілі болды. Саяхатшыларға енді вакцинация сертификаттары мен COVID-19 тест нәтижелерін ұсынудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, 1 қазаннан бастап жеңіл белгілері бар және белгісі жоқ науқастар үшін міндетті оқшаулау жойылады. Алайда оларға бетперде киюге, қолдарын жууға және бес күн бойы әлеуметтік қашықтықты сақтауға кеңес беріледі.

Көктемде Индонезияда, Вьетнамда, Сингапурда туристер міндетті ПТР-тестінен босатылды. Вакцинаның екі дозасын алсаңыз, Малайзияда MySejahtera қосымшасын жүктеп, саяхатшының цифрлық картасын толтырып, егу мәртебесін растауыңыз керек. 12 жасқа дейінгі балаларға вакцинация қажет емес, бірақ электронды рұқсатнама болуы керек. Вакцина алмаған туристер кетер алдында және келген кезде сынақтан өтуі керек.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!