Азиялық зағип ер адам Эвересті бағындырды

@zhang_hong_blindmountaineer

Қытайлық альпинист Чжан Хун Эвересті бағындырған Азиядағы бірінші және әлемдегі үшінші зағип адам болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытайлық альпинист Чжан Хун Эвересті бағындырған Азиядағы бірінші және әлемдегі үшінші зағип адам болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.

Әлемдегі ең биік шыңға ол 24 мамырда үш гидтің сүйемелдеуімен көтерілді. Ал 3 маусымда олар Катмандудағы альпілік лагерьге оралды. 46 жастағы альпинистің айтуынша, оны 2001 жылы 8849 метрлік тауды бағындырған алғашқы зағип альпинист, америкалық Эрик Вайхенмайердің шыңға шығуы шабыттандырған. Хун бұл жорық үшін бес жыл дайындалды.

"Менің ойымша, бүкіл әлемде және Азияда көру қабілеті нашар адамдар көп және менің жасаған ісім олар үшін шабыт береді деген үміттенемін", - деді Хун.

Реклама
Реклама

Қытай азаматының ендігі жоспары - жеті құрлықтағы ең биік тауларды бағындыру, сонымен қатар оңтүстік және солтүстік жартышарға бару.

"Сіз мүгедексіз бе, жоқ па, көру қабілетіңіз жоғалды ма, аяғыңыз бен қолыңыз жоқ па маңызды емес. Бұл маңызды емес. Егер ақыл-ойыңыз күшті болса, сіз әрқашан басқа адамдар сізге айта алмайтын нәрсені жасай аласыз", - деді ол.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная