Оңтүстік-шығыс Азиядағы ковидпен күресте қатал елдердің бірі Гонконг келесі айдан бастап шектеулерді алып тастайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.
Ережелер мынадай болады: туристер әуежайда COVID-19 анықтайтын экспресс-тестінен өтуі керек. Тек нәтижесі теріс шықса да, азаматтар карантинге арналған арнайы қонақүйге жеті күнге баруға мәжбүр болады. Сондықтан жұмсарту әлі де күмәнді, бірақ солай жарияланды.
Үкіметтің мәліметінше, "бұрынғы тәртіп тым қатал болды, әртүрлі маршруттың тоқтап қалуына әкеліп соқты және Гонконгқа оралған адамдардың бағытын оңай бұзды".
Айтпақшы, азиялық мемлекет ковид жұқтырған жолаушыларды "тасымалдағаны" үшін 10-нан астам маршрутты, соның ішінде Cathay Pacific, Emirates және Qatar Airways рейстерін уақытша тоқтатты. Ал Ұлыбритания мен АҚШ әуекомпанияларының елге рейстері түбегейлі тоқтатылды.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!