Әзербайжанға кірудің жаңа ережелері айтылды

Фото: pixabay.com

Елге Әзербайжан азаматтарының жақын туыстары: күйеуі менәйелі, балалары, немерелері, ата-аналары, туған ағалары мен әпкелері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері кіре алады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елге Әзербайжан азаматтарының жақын туыстары: күйеуі менәйелі, балалары, немерелері, ата-аналары, туған ағалары мен әпкелері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері кіре алады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Шекарада олар туыстығын растайтын құжатты және елге кіргенге дейін 72 сағаттан кешіктірмей жасалған ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуы керек.

Реклама
Реклама

Туристер вакцинациялаудың толық курсынан өткені туралы сертификатты немесе коронавируспен ауырғанын куәландыратын анықтаманы көрсеткен кезде республикаға кіре алады. Сонымен қатар, теріс ПТР-тестін ұсынуы қажет.

Бұл талаптар тек ересектерге қойылады. 18 жасқа дейінгі балаларда теріс ПТР-тесті болуы жеткілікті, ал 1 жасқа дейінгі балаларға тіпті оны жүргізу қажет емес.

Еске салайық, бұған дейін елге кіру үшін Әзербайжан министрлер кабинетінің оперштабынан рұқсат алу керек болатын. Енді рұқсат немесе виза қажет емес.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная